Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазандағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің бейсенбі күнгі Мәскеу уақытымен 8:15-тегі бағасы 1 центке (0,02%) арзандап, барреліне 52,69 долларға жетті, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері (NYMEX) 2 центке (0,4%) төмендеп, барреліне 49,54 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу