Бейсенбідегі азиялық сауда барысында мұнай бағасы ақырын арзандай бастады, инвесторлар қордың жылдам қысқарып бара жатқанына және АҚШ-тағы мұнай өндірудің көлемі өсуінің жалғасқанына алаңдаулы, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы бір барреліне 0,36 пайызға қысқарып, 52,17 долларды құрады.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі жеткізіліммен (NYMEX) 0,16 долларға (0,32% ) түсіп, барреліне 49,43 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу