Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың желтоқсандағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:15-тегі бағасы 0,01 долларға (1,02%) өсіп, барреліне 57,83 долларды құрады. Алдыңғы сессияның жабылуында контракт $0,65 (1,14%) қымбаттап, $57,82 құраған болатын, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қарашадағы фьючерстері (NYMEX) $0,08 (0,15%) қысқарып, барреліне 51,79 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу