Brent маркалы мұнай бағасы 63 доллардан түсіп кетті

164

Әлемдік мұнай бағасының құлдырауы 3 сәуірде басталды.

Brent маркалы мұнай бағасы 63 доллардан түсіп кетті Фото: office life

Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдың 12 сәуірінен бері алғаш рет 63 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 4,43 пайызға арзандап, барреліне 62,67 долларға түсті.

WTI маркалы мұнай бағасы 4,59 пайызға арзандап, барреліне 59,14 долларға түсті.

Айта кетейік, мұнай бағасының құлдырауы 3 сәуірде басталды. Сол күні АҚШ президенті Дональд Трамп 185 мемлекеттен келетін тауарлардың тарифін көтерген болатын. Жаңа баж салығы салынған елдер қатарында Қазақстан да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу