Brent маркалы мұнай бағасы 75 доллардан арзандады

440

"Қара алтын" бағасы барреліне 74,67 доллар болды.

Brent маркалы мұнай бағасы 75 доллардан арзандады Фото: inbusiness.kz

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 75 доллардан төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстер құны Астана уақытымен 10:53-тегі сауда деректері бойынша 3,27 пайызға төмендеп, барреліне 74,67 доллар болды.

WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 3,42 пайызға арзандап, барреліне 69,84 доллар болады.

Сарапшылар пікірінше, мұнай бағасы ОПЕК-ке кірмейтін жеткізілімдер артып, сұраныс өсімінің болжамы нашарлағандықтан құлдырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу