Brent маркалы мұнай бағасы 80 доллардан арзандады

389

Биржада "қара алтын" 2,19 пайызға төмендеп, барреліне $79,82 құрады.

 Brent маркалы мұнай бағасы 80 доллардан арзандады Фото: inbusiness.kz

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 80 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:47-дегі сауда деректері бойынша 2,19 пайызға төмендеп, барреліне $79,82 құрады.

WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 2,26 пайызға арзандап, барреліне 75,62 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу