Brent маркалы мұнай бағасы баррелі 62 долларға тұрақтады

830

Мұнай бағасының төмендеуіне Америкалық мұнай институтының (API) АҚШ-та аталған шикізат  қорының көбеюіне байланысты мәлімдемесі негіз болды. 

Brent маркалы мұнай бағасы баррелі 62 долларға тұрақтады

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 0,29 долларға төмендеп (0,46%-ға), барелі 62,67 долларды құрады.

Ал API 5 қараша күні АҚШ-та мұнайдың коммерциялық қоры 4,26 млн баррельге көбейгенін, ал бензин қорының 4 млн баррельге азайғанын  хабарлады. Сарапшылар бұл ақпарат әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне әсер еткенін айтады.

Бұл ретте, Bloomberg, Қазақстан мұнай өндіру бойынша жаңа рекордтар орната бастағанын мәлімдеді. Бұл еліміздегі ірі үш кен орнында техникалық жөндеу жұмыстарының аяқталуымен байланысты. Мәселен, қазан айының соңында жыл сайынғы мұнай өндіру көлемі 269 мың тоннаға жетті. Бұл ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстан өндіруге міндеттелген мұнай көлемінен айтарлықтай жоғары. Bloomberg еліміз міндеттемені орындамайтын елдер қатарында екенін да атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу