Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 73 долларға жетті

"Қара алтын" бағасы төмендеуде. 

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 73 долларға жетті Фото: SAAT.kg

Мұнай бағасы бейсенбіде АҚШ қорларының айтарлықтай артуы туралы деректерге, Орталық банкінің базалық мөлшерлемені жылдық 5-5,25% аралығында сақтау туралы шешімінен кейін төмендей бастады.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 73,01 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуынан 0,19 долларға (0,26%) төмен. Сәрсенбіде баға барреліне 1,09 доллар (1,5%) төмендеп, 73,2 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада шілде айындағы WTI мұнайы фьючерстерінің бағасы 0,17 доллар (0,25%) төмендеп, барреліне 68,1 долларды құрады. Алдыңғы сессияның нәтижесінде келісімшарттардың құны барреліне 1,15 доллар (1,7%) төмендеп, 68,27 доллар болды.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың коммерциялық мұнай қоры өткен аптада 7,92 млн баррельге өсіп, 467,12 млн-ға жетті, деп хабарлады сәрсенбі күні аталған ел Энергетика министрлігі. Жанармайдың тауарлық қоры 2,11 млн баррельге, дистилляттар – 2,12 млн баррельге өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу