Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 84,6 доллардан асты

432

Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 84,6 доллардан асты Фото: google

Лондондағы ICE Futures биржасында сәрсенбі күні, 8:05 -тегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің бағасы барреліне 84,6 доллар болды. Бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы бағадан $0,17 (0,20%) төмен. Сейсенбіде бұл келісімшарттар барреліне 0,01 долларға өсіп, 84,77 долларға жеткен болатын.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада мамыр айындағы WTI мұнай фьючерстерінің бағасы  $0,16 (0,2%) төмендеп, барреліне $80,7 құрады. Алдыңғы сессияның нәтижесінде келісімшарттардың құны барреліне $0,03-ке өсіп, $80,86 болды.

Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні жарияланған Америка мұнай институтының (API) мәліметтері өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қорының 2,675 миллион баррельге азайғанын көрсетті.

Ресми мәліметтерді АҚШ Энергетика министрлігі сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен 17:30-да жариялайды. Сарапшылар орта есеппен АҚШ-тағы мұнай қоры өткен аптада 1,088 миллион баррельге азайды деп болжады, деп хабарлайды Trading Economics.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу