Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың желтоқсандағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:00-дегі бағасы 1 центке (0,02%) төмендеп, барреліне 60,43 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері (NYMEX) 3 центке (0,06%) қымбаттап, барреліне 53,93 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу