Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қаңтардағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:10-дағы бағасы $0,08-ға (0,12%) төмендеп, барреліне 64,19 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері (NYMEX) $0,03 (0,05%) қысқарып, барреліне 57,32 долларды құрады.
Brent маркалы мұнай бағасы 26-қазанда 59,40 долларды құрап, 2015 жылдың маусымынан бері алғаш рет 59,30 долларға жеткен болатын. Brent сұрыпты мұнай бағасы тұрақты өсім көрсетіп, екі аптада 5 долларға қымбаттады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу