Brent маркалы мұнай барреліне 95 доллардан жоғары бағамен сатылуда

618

"Қара алтын" бағасының өсуіне әлемдік мұнайға деген сұраныстың әлсіреуіне қатысты алаңдаушылықтың жойылғаны себеп болды. 

Brent маркалы мұнай барреліне 95 доллардан жоғары бағамен сатылуда Фото: i-invdn-com.investing.com

Сәрсенбіде Brent маркалы мұнай халықаралық биржаларда барреліне 95,62 долларға бағаланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Сейсенбідегі соңғы сауда-саттықта бұл маркадағы мұнайдың бір баррель құны 95,55 долларға жетті, бірақ күнді 94,65 доллар бағамымен аяқтады.

2 қарашада таңғы сағат 09.50-де мұнайдың эталондық маркасының бағасы 1,02 пайызға өсіп, барреліне 95,62 долларға жетті.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 89,47 долларды құрады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу