Brent маркалы мұнай баррелінің құны 40 доллардан асты

1019

1 сәуірден бастап бұрынғы альянсқа қатысушы елдерде мұнай өндіруге деген шектеу алынып тасталды.

Brent маркалы мұнай баррелінің құны 40 доллардан асты

Brent маркалы мұнай бағасы 6 наурыздан бері алғаш рет 40 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07.30-дағы жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 5,324 пайызға, яғни барреліне 40,36 долларға дейін өсті.

WTI маркалы мұнайға шілдедегі фьючерстердің бағасы барреліне 6,85 пайызға, яғни 37,87 долларға дейін көбейді.

Еске сала кетейік, наурыз айында ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің параметрлерін өзгерту туралы да, оны ұзарту туралы да бір келісімге келе алмаған болатын. Нәтижесінде 1 сәуірден бастап бұрынғы альянсқа қатысушы елдерде мұнай өндіруге деген шектеу алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу