Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен бейсенбі күнгі 8:05-тегі бағасы $0,7 (0,5%) өсіп, барреліне 52,57 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері (NYMEX) $0,04 (0,08%) түсіп, барреліне 48,37 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу