Brent маркалы мұнай баррель үшін 85,4 долларға саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы Мәскеу уақытымен сағат 8:02-де баррель үшін 85,36 долларды құрайды. Бұл өткен сессияның жабылу көрсеткішінен 2 центке артық. Дүйсенбі күні бұл келісімшарттар 0,9 долларға арзандап, барреліне 85,34 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электрондық сауда-саттықта WTI мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы 6 центке ұлғайып, барреліне 82 долларды құрады. Алдыңғы сессияның нәтижесі бойынша ол 0,88 долларға төмендеген.
Ақпаратқа сәйкес, Сауд Арабиясы мен Ресейдің мұнай өндірісін қысқартатынын жариялауы бағаға оң ықпалын тигізіп жатыр. Десек те, нарық үшін доллардың нығаюы теріс фактор болып отыр. Бұл шикізатқа инвестиция тартымдылығын төмендетуде.