Brent маркалы мұнай келер жылы қымбаттайды – сарапшылар

383

Франсиско Бланш бастаған Bank of America сарапшылары осындай болжамға келіп отыр.

Brent маркалы мұнай келер жылы қымбаттайды – сарапшылар Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың басында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90 доллар болады, деп жазады inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері Мәскеу уақытымен сағат 18:56-да 1,05 долларға (1,27%) қымбаттады. Осылайша барреліне 83,97 доллар болды.

"Болжам бүгінде шындыққа айналды. Ол алдағы тоқсандарда мұнай бағасының өсуін көрсетіп отыр. Біздің сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі туралы болжамымыз алдағы 18 айда мұнай нарығы айтарлықтай тарылатынын, әлемдік мұнай қоры айтарлықтай төмендейтінін көрсетіп отыр", - деп жазды сарапшылар.

Олардың сөзінше, соңғы айларда мұнай бағасының төмендеуі көптеген елдегі инфляцияның баяулауына ықпал еткен.

"Бірақ та, ОПЕК пен Ресейдің әрекеттерінен алдағы айларда энергия мен азық түлік бағасының өсуін қалпына келтіру макроэкономикалық болжамдарға белгісіздік енгізіп, пайыздық мөлшерлемелердің күтпеген өсуіне әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Жақында Федералды резервтік жүйе негізгі мөлшерлемені 25 базистік тармаққа, 5,25-5,5%-ға дейін көтерді. CME мәліметтеріне сәйкес, нарық қатысушылары жыл аяғына дейін ставканың осы деңгейде сақталу ықтималдығын шамамен 66% деп бағалап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу