Жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша, Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы айтарлықтай өсті.
Тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 2,5 долларға көбейіп, барреліне 75,55 долларды құрады. WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны тамыз айындағы жеткізілім бойынша, Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) 3,04 долларға өсіп, барреліне 68,58 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу