Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы құлдырады

187

Бүгінде трейдерлер Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отыр. 

Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы құлдырады Фото: inbusiness.kz

Лондон қор биржасында мұнай бағасы төмендеді. Сауда-саттық деректеріне сәйкес, елорда уақытымен 9:44-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайының шілдедегі фьючерстері 2,35 пайызға құлдырап, барреліне 81,63 долларға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы шілде айында 2,03 пайызға төмендеп, барреліне 77,62 долларды құрап отыр. 

29-мамырдағы көрсеткіш жоғары. ICE Brent CrudeFutures мұнай фьючерстерінің шілде айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 84 доллардан асты, ал WTI-дегі фьючерстерде барреліне 80 доллардан жоғары болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу