Brent маркалы мұнайдың бағасы: барреліне $47,41

971

Brent маркалы мұнайдың бағасы: барреліне $47,41

Интерконтиненталь биржасындағы саудада Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің құны 1,540%-ға – барреліне $47,41 дейін төмендеді, деп жазады "КоммерсантЪ".

WTI маркалы мұнай бағасы 2,100%-ға — барреліне $45,71 дейін құлдырады. Апта басында мұнай бағасы АҚШ-та қордың молаюына байланысты төмендей бастаған болатын. АҚШ-тың энергетика министрлігіне қарасты Энергетика саласындағы ақпарат басқармасының (EIA) мәліметі бойынша, өткен аптада мұнайдың коммерциялық қорлары 14,42 млн баррельге, немесе  3,1%-ға ұлғайды. S&P Global Platts-ға өз болжамдарын мәлім еткен сарапшылар  мұнай қоры орташа алғанда  1,9 млн баррельге артады деген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу