Brent маркалы мұнайдың бағасы төмендеді

732

Brent маркалы мұнайдың бағасы төмендеді

Лондондағы ICE биржасындағы мұнай бағасы 4,31 пайызға  арзандап, барреліне 47,96 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Мұнайдың соңғы белгілемесі 2017 жылғы 5 мамырдағы көрсеткіштен де төмен болды. Мұнай белгіленуінің төмендеуіне АҚШ-тағы мұнайдың коммерциялық қоры туралы деректердің жариялануы себеп болды. Елдің энергетика министрлігінің деректері бойынша, бір апта ішінде мұнай қоры 3,3 млн баррелден 513,2 млн баррелге дейін ұлғайтылған. Алайда, сарапшылар қара алтын қорын 3,5 млн баррелге бағалап отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу