Brent маркалы мұнайдың құны 122 долларға жетті

115

Шикізаттың құны бір аптада 18 долларға, ал бір тәулікте 4 долларға қымбаттады.

Brent маркалы мұнайдың құны 122 долларға жетті Фото: oinpaper.com

Шикізаттың қымбаттауына Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуы әсер етіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін, 30 сәуірде нарықта Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 122,70 доллардан сатылып жатыр. Оның бағасы бір күнде 3%-ға көтеріліп отыр.

Себебі, әлемдік мұнай экспорттаушы алпауыт елдердің қоры сарқылып барады. Мұндай жағдай сұранысты арттырып, бағаның одан сайын өсуіне ықпал етіп отыр.

Бағаның құбылуына Біріккен Араб Әмірліктерінің ОПЕК құрамынан шығатыны туралы мәлімдемесінің де әсері бар. Ал, соңғы рет мұндай қымбат баға 2022 жылдың жазында рекорд болып тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу