Интерконтиненталь биржасындағы сауда барысында Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,909%-ға —$46,21 дейін төмендеді, деп жазады "КоммерсантЪ".
Мұнайдың WTI маркасы барреліне 1,244%-ға —$45,01 дейін құлдырады.
Осы аптада мұнайдың еуропалық сұрыптары соңғы сегіз айда алғаш рет 8% өсім көрсетті. МЭЕҰ-ға мүше бірқатар елдің мұнай өндірісін шектеу туралы мәмілелесуге ынтасы шикізат нарығына жағымды әсер етіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу