Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 48,66 долларға төмендеді

942

Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 48,66 долларға төмендеді

Интерконтиненталь биржасындағы сауда барысында Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,596%-ға —48,66 долларға дейін төмендеді, деп жазады "КоммерсантЪ".

Мұнайдың WTI маркасының құны барреліне 0,566%-ға — 47,69 долларға дейін түсті.

Апта басында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 49 долларға дейін көтерілген болатын. Дүйсенбі, 21 қарашада шикізатқа фьючерстердің құны бақандай 5%-ға өсті. Сарапшылар мұны шикізат өндіруді шектеу туралы келіссөздермен байланыстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу