Интерконтиненталь биржасындағы сауда барысында Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнай қоспасының ақпандағы фьючерстері барреліне 3,229%-ға — 53,57 долларға дейін көтерілді, деп жазады "КоммерсантЪ".
Мұнайдың WTI маркасының құны барреліне 2,849%-ға — 50,89 долларға дейін өсті.
Ресей мен МЭЕҰ елдері мұнай өндіруді әлемдік деңгейден шамамен 1,9% көлемінде төмендету жөнінде мәмілеге келген болатын. Осыған байланысты мұнай бағасы бірден 10%-ға өсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу