Brent мұнайы арзандады

187

Мұнай бағасы жұма күні төмендегенімен, аптаны өсіммен аяқтап отыр.  

Brent мұнайы арзандады Фото: inbusiness.kz

Brent мұнайы баррелі үшін 80,72 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айындағы Brent сұрыпты мұнай фьючерстердің құны барреліне 80,72 доллар болды, бұл алдыңғы сауда-саттықтың жабылуынан 0,32 долларға төмен. Бейсенбі күні бұл келісімшарттар барреліне 81,04 долларға дейін қымбаттады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында қыркүйек айына арналған WTI мұнай фьючерстері барреліне 77,74 долларға дейін төмендеді. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың құны барреліне 78,16 долларға жетті.

Апта басынан бері Brent 1,3%-ға, WTI 1,2%-ға қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу