Brent мұнайы барелліне 89 долларға сатылып жатыр

432

Бағаға ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімін ұзарту мүмкіндігі қолдау көрсетуде.

Brent мұнайы барелліне 89 долларға сатылып жатыр Фото: inbusiness.kz

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бағасы Мәскеу уақытымен сағат 08:06-да барреліне 88,96 долларды құрады, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл алдыңғы сессияның жабылу көрсеткішінен 4 центке (0,04%) төмен. Дүйсенбіде бұл келісімшарттар 0,45 долларға арзандап, баррель үшін 89 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI сұрыпты мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 41 центке (0,48%) көтеріліп, барреліне 85,96 долларды құрады. Дүйсенбі күні АҚШ-тағы Еңбек күніне байланысты негізгі сауда-саттық өткізілмеді.

Бағаға ОПЕК+ елдерінің қара алтын өндірісін қысқарту шараларын ұзарту мүмкіндігі қолдау көрсетуде.

Ресей Федерациясының вице-премьері Александр Новак осыған дейін Ресей және мұнай мәмілесінің басқа қатысушылары әлемдік нарықтарға жеткізілімдерді қысқарту мәселесі бойынша кезекті келісімдерге қол жеткізгенін мәлімдеді. Келісімнің негізгі параметрлері осы аптада белгілі болмақ.

Бұдан бөлек Сауд Арабиясы мұнай өндірісін ерікті түрде азайтуды ұзартады деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу