Brent мұнайының бағасы 120 доллардан асты

671

АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорының 3 маусымға дейін 1,845 миллион баррельге жеткен.

Brent мұнайының бағасы 120 доллардан асты

Эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz. Cауда-саттық нәтижесі бойынша, бұған сұраныстың артуы себеп болып отыр. Өйткені жаз мезігілінде көлік қозғалысы айтарлықтай артады. 

Ресми дерей бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің бағасы 0,3%-ға өсіп, 120,93 доллар болды. WTI сұрыпты мұнайының шілдедегі фьючерстері 0,4%-ға қымбаттап, қазір бір 119,89 долларға саудаланып жатыр.

Америкалық мұнай институтының (API) мәліметі бойынша, АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорының 3 маусымға дейін 1,845 миллион баррельге жеткен. Мамандар бұл көрсеткіш 1,8 миллион баррельге дейін төмендейді деп топшылаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу