Brent мұнайының бағасы 3 қарашадан бері алғаш рет барреліне 47 доллардан асты

858

Brent мұнайының бағасы 3 қарашадан бері алғаш рет барреліне 47 доллардан асты

Әлемдік мұнай бағасы сейсенбіде жоғарлай бастады. Brent маркалы мұнай 3 қарашадан бері алғаш рет барреліне 47 доллардан асты. Бұл жәйтті сауда деректері растайды, деп хабарлайды РИА Новости.

Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің құны 5,83%-ға – барреліне 47,02 долларға дейін өсті. Солтүстік теңіздің WTI маркалы мұнай қоспасының желтоқсандағы фьючерстері 6,05%-ға – барреліне 45,94 долларға дейін қымбаттады.

Бірқатар БАҚ-та жария болған МЭЕҰ мен өзге де мұнай өндіруші елдер мұнай өндіруді шектеу жөнінде келісімге келуі мүмкін екені туралы ақпарат бағаның өсуіне басты себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу