Brent мұнайы 67 долларға дейін қымбаттады. Бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ал шетелдік сарапшылар болса, мұнай баррелінің бағасы 70 долларға жетеді деп болжап отыр.
Егер АҚШ-тағы мұнай қоры жоспарланғаннан аз болса, онда баға бірден көтеріледі. Оған Ливияның Эс-Сидр айлағындағы жарылыс әсер етуі мүмкін. Себебі нарықтағы қара алтынның көлемі азайған. Мысалы, жарылыстан кейін Ливияның экспорты 20 пайызға немесе тәулігіне 90 мың баррельге кеміген. Сондай-ақ, Солтүстік теңіздегі 85 кеніштен мұнай тасып отырған Forties Pipeline System құбыр жүйесі істен шыққан. Онда тәулігіне 450 мың баррель мұнай тасымалданатын. Әзірге оның қашан іске қосылатыны белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу