Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы өсіп, барреліне 96,23 долларға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сарапшылар мұны шикізат нарығындағы ең қарқынды өсу үрдістерінің бірі деп бағалап отыр.
Сонымен қатар уран бағасы да оң динамика көрсетіп отыр. Сауда барысында оның құны 0,18%-ға өсіп, фунтына 85,70 долларға жетті.
Мамандардың айтуынша, уран бағасының өсімі мұнаймен салыстырғанда бірқалыпты болғанымен, жылдық көрсеткіш әлі де 20%-дан жоғары деңгейде сақталып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу