Brent мұнайының бағасы төмендеді

300

Бұған Израильдің Газа секторында жерүсті әскери қимылдарын бастауы себеп болды.

Brent мұнайының бағасы төмендеді Фото: inbusiness.kz

Желтоқсан айында жеткізілген Brent мұнайының бағасы баррелі үшін 90 доллардан төмендеді. Оған Израильдің Палестина анклавында жердегі ұрыс қимылдарын кеңейтетінін жариялауы себеп болды, деп жазады inbusiness.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Bloomberg жазуынша, Таяу Шығыс аймағында соғыс қимылдарының күшеюі мұнай танкерлеріне шабуыл жасауға, олардың теңіз бағыттарына қауіп төндіруге және Ираннан мұнай экспортының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

30 қазан күні мұнай фьючерстерінің сауда-саттығы басталғанға дейін Тегеран мен Вашингтон қақтығыс әлі де кеңеюі мүмкін екенін ескерткен болатын. Өз кезегінде Иран бұл соғыстың "бәрін әрекет етуге мәжбүр етуі мүмкін" екенін  мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу