Brent маркалы мұнай бағасы баррель үшін 75,44 доллардан саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.
Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайына қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны баррель үшін Мәскеу уақытымен сағат 08:04-ке дейін 75,44 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу көрсеткішінен 3 центке артық. Жұма күні бұл келісімшарттар 0,90 долларға қымбаттап, баррель үшін 75,41 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстерінің тамыз айындағы құны таңертең 1 центке артып, баррель үшін 70,65 долларға жетті. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша олар 0,78 долларды ұлғайып, 70,64 долларды құрады.
Маусым айында Brent бағасы 3,1%-ға өсті. Дегенмен екінші тоқсанда оның құны 6,1%-ға төмендеді. Өткен айдың қорытындысы бойынша WTI бағасы 3,8%-ға артты, сәуір-маусым айларында баға ұсыныстары 6,7%-ға азайған.
StoneX сарапшысы Фавад Разакзаданың сөзінше, соңғы апталарда ОПЕК+ келісімі және кейбір елдердің, соның ішінде Сауд Арабиясының өндірісті азайту туралы ерікті шешімі мұнайға айтарлықтай оң ықпал еткен.
"ОПЕК+ мүшелері келісім шарттарды сақтаған жағдайда өндірісті қысқарту сұраныс ұсыныстан айтарлықтай асып түседі деген сөз", - деді ол.
Baker Hughes мұнай сервистік компаниясының мәліметіне сәйкес, өткен аптада АҚШ-та жұмыс істеп тұрған бұрғылау қондырғыларының саны 8 бірлікке азайып, 674-ті құрады. Бұл көрсеткіш тоғыз апта қатарынан төмендеп отыр.
Мұнай секторында бұрғылау қондырғыларының саны 1 бірлікке төмендеп, 545-ті құрады. Жұмыс істеп тұрған табиғи газ өндіретін қондырғылардың саны 6 бірлікке азайып, 124-ке жетті.