Brent мұнайының бір баррелі 76,4 долларға дейін арзандады

268

Алдымыздағы апта мұнай бағасы құбылмалы болды. 

Brent мұнайының бір баррелі 76,4 долларға дейін арзандады Фото: depositphotos.com

Эталондық мұнай маркасының бағасы дүйсенбі күні таңертең аздап төмендеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан фьючерстерінің Brent сұрыпты мұнай құны барреліне 76,43 доллар болды. Бұл алдыңғы сауда-саттықтың жабылуынан 0,38 долларға (0,49%) төмен. Өткен сессияның нәтижесі бойынша бұл келісімшарттар 2,71 долларға (3,4%), барреліне 76,81 доларға дейін арзандады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында қыркүйек айына арналған WTI мұнай фьючерстері барреліне 73,07 долларға дейін төмендеді. Өткен жұмада келісімшарт 2,79 долларға, барреліне 73,52 долларға дейін арзандады.

Өткен аптаның қорытындысына сәйкес, Brent бағасы 4,3%-ға, WTI 4,7%-ға төмендеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу