Brent мұнайының құны 2015 жылдың 21 шілдесінен бері алғаш рет 57 доллардан асты

915

Brent мұнайының құны 2015 жылдың 21 шілдесінен бері алғаш рет 57 доллардан асты

Интерконтиненталь брижасындағы сауда барысында Солтүстік теңіздің мұнай қоспасының Brent маркасының ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне  4,801% – 57,01 долларға көтерілді.  Мұнайдың WTI маркасының бағасы барреліне 4,577% – 53,97 долларға өсті.

Brent мұнайының бағасы 2015 жылғы 21 шілдесінен бері алғашқы рет 57 доллардан асып отыр. Бұл жағдай МЭЕҰ мен картельге кірмейтін елдер арасында  мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге қол қояр тұста орын алды.

Айта кетейік, МЭЕҰ елдері мен  картельге кірмейтін бірқатар  мұнай өндіруші елдер 1 қаңтардан бастап өндірісті жарты жылға бірлесе қысқартатын болды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу