Brent пен WTI бағасы төмендеді

678

Brent сұрыпты мұнай 0,15 долларға, WTI 0,2 долларға арзандаған.

Brent пен WTI бағасы төмендеді

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 9 шілде Мәскеу уақытымен сағат 8:15-тегі бағасы 0,15 долларға (0,23%) төмендеп, баррелі 63,96 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,2 долларға (0,35%) төмендеп, 57,46 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу