Brent пен WTI бағасы төмендеді

685

Brent баррелі – 60,92 долларды,  ал WTI баррелі 53,25 долларды құрады.

Brent пен WTI бағасы төмендеді

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың тамызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 4 маусым Мәскеу уақытымен сағат 8:27-дегі бағасы 0,36 долларға (0,59%) төмендеп, баррелі 60,92 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.  

3 маусымда оның бағасы 0,71 (1,15%) долларға төмендеген болатын, сауданың жабылар тұсында баррелі 61,28 долларды құрады.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында шілдедегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,18 долларға (0,34%) төмендеп, барреліне $53,07 долларды құрады.

Алдыңғы саудада WTI 0,25 (0,47%) долларға арзандап, баррелі 53,25 долларға жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу