Brent пен WTI бағасы аздап төмендеді

615

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресінің сәл бәсеңдеуі мұнай нарығына оң әсерін тигізді. 

Brent пен WTI бағасы аздап төмендеді

Құрама Штаттардың сауда министрі Уилбур Росс дүйсенбі күні Huawei-мен кәсіп жүргізуге салынған тыйымды 90 күнге шегерген еді. Ресми Вашингтон бұл шешімді Дональд Трамп қытайлық тауарларға баж салығын салуды желтоқсанға дейін қалдырғаннан кейін қабылдады. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 14 центке арзандап, баррелі 59,60 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1 центке төмендеп, барреліне 56,11 долларды құрады.

Сарапшылардың айтуынша, Ақ Үйдің Huawei-ге қатысты шешімі Қытаймен арадағы сауда дауын сәл бәсеңдеткенімен, АҚШ қытайлық компанияның 40-тан астам бөлімшелерін қара тізімге енгізген. Ал Huawei өкілдері тыйым кейінге шегерілгенімен де, компанияға әділетсіздік жасалып отыр деген пікірде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу