Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың шілдесіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 31 мамыр Мәскеу уақытымен сағат 8:18-дегі бағасы 0,88 долларға (1,32%) төмендеп, баррелі 65,99 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
30 мамыр күні оның бағасы 2,58 (3,71%) долларға төмендеген болатын, сауданың жабылар тұсында баррелі 66,87 долларды құрады.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында шілдедегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,60 долларға (1,06%) төмендеп, барреліне $55,99 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу