Brent пен WTI қымбаттады

1185

Brent баррелі – 62,54 долларды,  ал WTI баррелі 53,29 долларды құрады.  

Brent пен WTI қымбаттады

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың тамызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 7 маусым Мәскеу уақытымен сағат 8:20-дағы бағасы 0,87 долларға (1,41%) көтеріліп, баррелі 62,54 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.  

6 маусымда оның бағасы 1,04 (1,72%) долларға көтерілген болатын, сауданың жабылар тұсында баррелі 61,67 долларды құрады.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында шілдедегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,7 долларға (1,33%) төмендеп, қымбаттап $53,29 долларды құрады.

Алдыңғы саудада WTI 0,91 (1,76%) долларға көтеріліп, баррелі 52,59 долларға жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу