Brent сұрыпты мұнай 60,79 доллар болды

703

Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздері іркіліп қалды. 

Brent сұрыпты мұнай 60,79 доллар болды

Шикізат бағасы америкалық мұнай қорының көбеюіне байланысты соңғы екі аптадағы ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп кетті. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың желтоқсанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 2 центке арзандап, 60,79 доллар болды.   

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында желтоқсандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 5 центке арзандап, барреліне 55,16 долларды құрады.

Америкалық мұнай институтының хабарлауынша, АҚШ-тағы "қара алтын" қоры өткен аптада 5,95 млн баррельге көбейген. Оның үстіне Ақ үй сенаты Гонконгке қатысты заң жобасын қабылдады. Бұл құжат бойынша, Вашингтон бірқатар қытайлық шенеунікке санкция салынып, Гонконг полицейлеріне көзді жасаурататын газ бен резеңке оқ пайдалануға тыйым салынды. Бұл өз кезегінде Бейжіңмен арадағы сауда келіссөздеріне кедергі келтіреді деген пікірде кей сарапшылар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу