Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың сәуіріндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 20 ақпан Мәскеу уақытымен сағат 8:32-дегі бағасы $0,12 (0,18%) төмендеп, барреліне $66,33 құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,05 (0,11%) көтеріліп, барреліне $56,15 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу