Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:28-дегі бағасы 43 центке (0,65%) көтеріліп, барреліне $66,59 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қаңтардағы фьючерстері (NYMEX) 42 центке (0,70%) қымбаттап, барреліне $60,26 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу