Brent сұрыпты мұнай бағасы 25,74 доллар болды

966

Мұнайдың арзандауына Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленістің ушығуы әсер етіп отыр.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 25,74 доллар болды

Апта басында шикізат құны азайған сұраныс пен америкалық-қытайлық сауда текетіресінің кесірінен тағы да арзандады. Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 2,65%-ға төмендеп, 25,74 доллар болды. Ал WTI бағасы 7,18%-ға кеміп, 18,36 долларға дейін түсіп кетті.

Өткен аптада мұнай нарығындағы жағдай тұрақталған еді. Бұған коронавирус жұқтырғандар санының азаюы мен ірі мұнай өндірушілердің өндірісті 1 мамырдан бастап қысқарту туралы шешімі әсер етті. Сонымен қатар бірқатар елде шектеу шараларының біртіндеп қысқартылуы да нарықтың алға жылжуына айтарлықтай септігін тигізді. 

Алайда Вашингтонның Бейжіңді вирустың таралуын тежемеді деп айыптауы, және қытайлық тауарларға жаңа баж салығы енгізілуі мүмкін деген ақпарат мұнай бағасының өсуін тежеп отыр.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ҚХР-дың коммунистік партиясы бастапқыда індетті жасыру үшін барын салды деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатар ол Қытай билігі коронавирусқа қатысты жағдайда өзін авторитарлық режимдегі мемлекет ретінде көрсеткенін және кінәлілер алдағы уақытта жазасын алатынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу