Brent сұрыпты мұнай бағасы 41 доллардан асты

632

Мұндай көрсеткіш 6 наурыздан бері тіркелмеген. 

Brent сұрыпты мұнай бағасы 41 доллардан асты

Brent сұрыпты мұнай баррелі бағасы 41,20 долларға жетті. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады.

Шикізат құнынының қымбаттауына ОПЕК мен картельге енбейтін елдердің министрлік кездесуі өтеді деген ақпарат түрткі болып отыр. Бұл жиында мұнай өндірісін тағы да бір айға қысқарту туралы бастама талқыланады.

Еске сала кетсек, наурыз айында ОПЕК елдері мен басқа да ірі өндірушілер өндірісті азайту туралы ортақ мәмілеге келе алмағандықтан әлемдік мұнай бағасы түсіп кеткен болатын. Бірақ кейін 12 сәуірде тараптар ақыры келісімге келіп, бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 9,7 млн баррельге қысқартты. Ал екінші жарты жылдықта 7,7 млн баррельге, 2022 жылдың сәуіріне дейін 5,8 млн баррельге қысқарту туралы шешім қабылдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу