Brent сұрыпты мұнай бағасы 54 доллардан асты

669

Ресей мен Сауд Арабиясының ОПЕК+ келісіміне қатысты ортақ мәмілеге келді.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 54 доллардан асты

Сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны қымбаттап, 54,02 долларға дейін көтерілді. Ал WTI баррелінің бағасы 50,26 долларға жетті. 

Ресей мен Сауд Арабиясының ОПЕК+ келісіміне қатысты ортақ мәмілеге келуі шикізат бағасының өсуіне себеп болды. Альянс мүшелері ақпан айында келісімді өзгертпей, өндіріс көлемін сол қалпында қалдыру туралы шешім қабылдады. 

2020 жылдың 12 сәуірінде ОПЕК елдері мен картель құрамына кірмейтін басқа да шикізат өндірушілер бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 9,7 млн баррельге қысқарту туралы шешім қабылдаған еді. Альянс бұл шарт 2020 жылдың 1 мамырынан бастап 2022 жылдың мамырына дейін орындалуы керек деп шешті.

Тамыз айынан бастап бір тәулікте жер қойнауынан шығарылатын шикізаттың көлемін 7,7 млн баррельге қысқарту туралы шешім қабылданды. Картель 2021 жылдың қаңтарынан бастап өндіріс көлемін шамамен 0,5 млн баррельге арттырып отыруды ұйғарды.

ОПЕК+ көктемге дейін бұл көрсеткішті 2 млн баррельге дейін жеткізуді көздеп отыр. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу