Brent сұрыпты мұнай бағасы 58,70 доллар болды

636

Бұған АҚШ шикізат қорының 5,9 млн баррельге қысқаруы себеп болып отыр. Оның үстіне қазіргі әлемдік экономикада мұнайға деген сұраныс азайған. 

Brent сұрыпты мұнай бағасы 58,70 доллар болды

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,3 пайызға арзандап, баррелі 58,70 доллар болды.   

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,2 пайызға төмендеп, барреліне 53,72 долларды құрады.

Қазіргі мұнай бағасы Сауд Арабиясы нысандарына жасалған шабуылға дейінгі көрсеткіштерден төмендеп кеткен. 
Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте дрондар саудиялық Saudi Aramco компаниясының нысандарына шабуыл жасаған еді. Шабуылды Йемендегі көтерілісші хуситтер мойнына алғанымен, Вашингтон мен Эр-Рияд қастандықты ұйымдастырған Иран билігі дегенді алға тартып келеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу