Brent сұрыпты мұнай бағасы 58,90 доллар болды

681

Ал WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,3 пайызға көтеріліп, барреліне 53,82 долларды құрады.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 58,90 доллар болды

Ақ Үй басшысы Дональд Трамптың Қытаймен сауда соғысына қатысты мәлімдемесі, яғни Бейжіңнің келісім жасағысы келетінін айтуы мұнай нарығына оң әсерін берді. 

Трамп Қытайдың вице-премьері Лю Хэның дауды шешуге дайын деп айтуын жылы қабылдады. Сондай-ақ америкалық президент Иран президенті Хасан Руханимен кездесуге дайын екенін білдірді. Бұл да өз кезегінде "қара алтын" құнының сәл көтерілуіне себеп болды.  

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,3 пайызға қымбаттап, баррелі 58,90 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,3 пайызға көтеріліп, барреліне 53,82 долларды құрады.

"Мұнай бағасына Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресі әсер етіп келді. Қазір нарықтағы ахуал сәл өзгерді. Трамптың сауда соғысына қатысты мәлімедемелері енді бұрынғыдай әсер бере қоймас. Өйткені инвесторлар шиеленіс жақын арада шешілмейді деген пікірде",– дейді HI Investment & Futures сарапшысы Сангчил Уил Юн.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні АҚШ президенті бағасы 250 млрд доллар  тұратын қытайлық тауарларға салынған баж салығы 25 %-дан 30 %-ға көтерілетінін, ал 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін 300 млрд доллар тұратын тауарларға салынған салық 15 %-ға жоғарылайтынын жариялады.  Бұған Қытайдың жалпы құны 75 млрд долларлық америкалық импортқа қосымша баж салығын салуы түрткі болып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу