Brent сұрыпты мұнай бағасы 61,66 доллар болды

1225

"Қара алтын" құны өзгеріссіз қалды.  

Brent сұрыпты мұнай бағасы 61,66 доллар болды

Сәрсенбіде АҚШ-тың шикізат қоры азайды деген ақпарат тараған болатын. Дегенмен бұл фактор нарыққа айтарлықтай оң әсер бере қойған жоқ. Өйткені Германия мен Оңтүстік Корея экономикалары өсімінің бәсеңдеуінен мұнайға деген сұраныс төмендеп отыр. Оның үстіне АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісі инвесторларды әлі де алаңдатуда.

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың желтоқсанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі өзгеріссөз қалды, яғни 61,66 доллар болды.

  Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында желтоқсандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 10 центке арзандап, барреліне 56,13  долларды құрады.

JPMorgan Chase & Co. өкілі Абхишек Дешпанде Bloomberg-ке берген сұхбатында "Егер де сауда келіссөздерінің сәтті жүзеге асып жатқаны белгілі болса, инвесторлар да осыған сәйкес әрекет етеді", – деді.

Айта кетейік, "қара алтын" бағасы сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда 16%-ға түсіп кетті. Бірқатар басылымның хабарлауынша, Дональд Трамп пен Си Цзиньпин келесі айда келісімнің бірінші бөліміне қол қойып, нарық оңала түспек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу