Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың шілдесіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 6 мамыр Мәскеу уақытымен сағат 8:10-дағы бағасы 1,45 долларға (2,05%) арзандап, баррелі 69,4 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс –Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында маусымындағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 1,38 долларға (2,23%) арзандап, барреліне 60,56 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу