Brent сұрыпты мұнай бағасы 70 доллардан түсті

805

Осы айдың басында ОПЕК+ альянысының сәуір айындағы өндірісті шектеуді өзгертпеу туралы шешімі шикізаттың күрт арзандауын тежеп отыр.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 70 доллардан түсті Фото: inbusiness.kz

Brent сұрыпты мұнай құны арзандады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ірі мұнай өндірушілердің өндірісті шектеуі ұсыныс мөлшерін азайтты. Ресми дерек бойынша, Brent баррелі 0,36%-ға  арзандап, 69,38 доллар болды.  WTI фьючерстерінің бағасы 0,47% -ға кеміп, бір баррелі 65,71 долларға саудаланып жатыр.

Осы айдың басында ОПЕК+ альянысының сәуір айындағы өндірісті шектеуді өзгертпеу туралы шешімі шикізаттың күрт арзандауын тежеп отыр. Картельдің болжамы бойынша,екінші жарты жылдықта шикізатқа деген сұраныс қалпына келеді. Осы болжам нарыққа оң ықпалын тигізіп отыр. Сонымен қатар АҚШ Сенатының 1,9 трлн доллар көлемінде экономиканы ынталандыру шараларын қабылдауы да шикізат нарығының оңалуына септігін тигізді. Құжат күшіне ену үшін оны өкілдер палатасы мақұлдауға тиіс.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу